БҚО Орал қаласында 11-12 наурызда Салтанат сарайында «Қазіргі заманғы және спорттық би Федерациясының» ұйымдастыруымен өткен «Танцы без границ» атты хореграфиялық би фестивалінде 6-8 жас аралығында Ұлттық стилизациялық би номинациясы бойынша Нұрмұханова Гүлшат жетекшілік ететін «Айналайын» кіші би тобы «Қарлығаш» биімен және эстрадалық «Көңілді көбелектер» биімен жүлделі І орын иеленіп, жеңіске жетті.
Ересектер арасында 12-14 жас ұлттық би аталымы бойынша Сүндетова Жансая жетекшілік ететін Бұлдырты ауылының «Керім-ай» би тобы «Мереке» биімен 2 орын иеленді. Жеке орындауда «Керім-ай» би тобының мүшесі Ақнұр Нұрғалиева «Аққу» биімен 1 орынды иеленді. 
Айта кетер болсақ, аталмыш би додасына 87 би ансамблі қатысқан.