Бүгін Шағырлой ауылдық мəдениет үйінде «Армысың, Əз наурыз» атты мерекелік шара оздырылды. Шараға Сарой а/о əкімі аппараты, ЖББ Абай орта мектеп- балабақшасы, Мəдениет үйі қызметкерлері жəне ауылдың үлкен кісілері қатысып, өнерлерін көрсетті.
Мерекені тойлауда мерекелік дастарханға ұлттық тағамдар қойылып, наурыз көжеден дəм татылды. Мекемелер өз ара сайысқа түсіп өнер көрсету, салт-дәстүрден көрніс, бата айту жəне ұлттық ойындар жарысы өтті. Мереке соңында жеңімпаз топтар марапатталды.