Бүгін Сырым ауданында даму мүмкіндігі шектеулі әрі ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін "Қош келдің, Әз Наурыз!" атты ертеңгілік өтті. Балалар мен олардың ата - аналарын Наурыз мерекесімен Сырым ауданының әкімі Абат Шыныбеков құттықтап, балалардың барлығына мерекелік сыйлықтар табыс етті.