Бүгін Бұлан ауылдық округінде де Наурыз мейрамы аталып өтті. Мейрам күні əкімшіліктің қолдауымен мəдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен концерттік бағдарламалар жəне қазақтың салт дәстүріне сай əр түрлі ойындар ұйымдастырылды. Атап айтсақ қол күресі, өгіз тартыс, аударыспақ, қой көтеру, гір тасын көтеру, қазақ күресінен жарыстар өтті.