Көрісу мерекесі Сырым ауданында ұйымшылдықпен аталып өткізілді. Орталық алаңда Сырым аудандық демалыс орталығының ұйымдастыруымен «Наурыз-жыл басы» - атты тағылымы мол шара ұйымдастырылды. Аудан әкімі Абат Шыныбеков мерекеге орай құттықтау сөз сөйледі. 
Шара «Сырым батыр» атты театрландырылған көрініспен басталды. Халықтық «Ақ ниет» әжелер ансамблі «Сырым баба» әнін орындады. Тойдың болғанынан боладысы қызық дегендей, көрісу айт наурыз мейрамына тура бір апта қалғанда ұйымдастырылады. Мейрамға орай мәдениет қызметкерлері әннен шашу шашса, «Айналайын» тобының бишілері мың бұрала би биледі. 
Орталық алаңда киіз құрылып, мерекеге жиылған қонақтарға арналып ақ дастархан жайылды.