Бүгін орталық алаңда Ж.Досмұхамедов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп – балабақша кешенінің ұжымының ұйымдастыруымен «Көрісу айты» және жыл басы Наурыз мерекесіне арналған шара өткізілді. Шараға мектебіміздің ардагер ұстаздары мен ауыл тұрғандары қатысты. Мерекелік шара барысында мектеп оқушылары Ж.Досмұхамедовтың өмір жолынан қойылым көрсетіп, мектебіміздің даңқын асқақтатып жүрген бірнеше өнерлі өрендеріміз бимен, әуезді әнмен үлестерін қосты. Мектеп ұжымының ұйымдастырылуымен жайылған дастарханға құрметті қонақтарымыз бен мектебіміздің мұғалімдері, аудандық білім беру бөлімінің қызметкерлері, сонымен қатар өнерлі өрендеріміз шақырылды.