Бүгін Сырым ауданының орталығындағы басты көшелері Наурыз тойын тойлауға кірісті. Мейрамның алғашқы дүбірі Қарасу мөлтекауданы жағында басталды. Бұл жақта Наурыз тойының құрметіне қазақ ауылы тігілді. Көше мерекесіне халықтың қарасы көп жиналды. Шаралардың салтанатты ашылуында аудан әкімінің орынбасары Төлеген Төреғалиев, ауданның құрметті азаматы Қайыржан Нұрмұханов құттықтау сөз сөйледі.