Биыл Сырым ауданы Алаш қозғалысының 100 жылдығы мен Алашорда үкіметінің қайраткері Жаһанша Досмұхамедовтың дүниеге келгеніне 130 жыл толуына және дала реформаторы Сырым Датұлының 275 жылдығына орай Батыс Қазақстан облысының барлық аудандары үшін аудан орталығындағы С. Датұлы атындағы тарихи – өлкетану музейі мен Алаш мұражайының көшпелі көрмесі жұмысын ұйымдастырады. Бұл туралы өзінің қорытынды сөзінде аудан әкімі Абат Шыныбеков мәлімдеді.