Қособа ауылдық округінде Жалпы білім беретін Қособа орта мектеп балабақша кешенінің спорт залында наурыз мейрамына арналған мерекелік шара оздырылды. Қособа ауылдық округ әкімі Жұмабай Аспендиярұлы ауыл халқын наурыз мейрамымен құттықтап ауыл азаматтарына алғыс хат табыстады. 14-22 наурыз күндері аралығында өткізіліп жатқан «Қош келдің Әз-Наурыз»атты ұлттық салт дәстүрді насихаттау бағытында өткізілген мерекелік шараларға белсенді қатысқан ұжымдармен азаматтарға алғыс хаттар табысталды. Мерекелік шара ән-күй мен және ұлттық спорттық ойындармен жалғасты. Ауыл тұрғындары атынан ауыл әкімі демеушілік көрсеткен және мерекелік шараны ұйымдастыруға ат салысқан округтегі барлық мекеме ұжымдарына, ауылдағы мәдени сала қызметкерлеріне, «Қайсар» спорт клубының әдіскеріне алғысын білдірді. Мереке соңында ауыл үлкендеріне Қособа орта мектеп балабақша кешені асханасында мерекелік дастархан жайылып ас берілді.