Наурыз тойының басы әдемі ертегімен басталды. Кейін әжелер шашу шашты. С. Датұлы атындағы аудандық тарихи - өлкетану музейі " Қазақ үйі" көрмесін таныстырды. "Мейірімді көктем" мейірбандылық айлары аясындағы "Қош келдің, Әз Наурыз!" атты бұл игі шараны Сырым ауданы әкімдігі, аудандық қоғамдық келісім кеңесі және "Нұр Отан" партиясы Сырым аудандық филиалы "Сырым жастары", "Сырым жауһарлары" сияқты қоғамдық ұйымдар қолдап отыр. Ұйымдастырушылар облыстық мәслихаттың депутаты Құсайын Мұқанов мырзаға ерекше алғыс айтады. Наурыз тойының мерекелік бағдарламасы Сырым аудандық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының бас болуымен өтті.