Кеше орталық алаңда «Сырым колледжі» ұжымының ұйымдастыруымен «Намысты, рухты, саңлақтар» атты Наурыз мерекесіне арналған шара өткізілді. Шараны өткізудегі басты мақсат Сырым өңірінің спортшылары, соның ішінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, әлем чемпионы Асқар Шайхиев, Қазақстан Республикасының спорт шебері, қазақша күрестен бірнеше дүркін абсолюттік чемпион Оралбек Қожагелдин, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Азат Касымовтар жайлы естеліктерге арналды. Колледждің өнерлі студенттері патриоттық әндер айтып, би биледі. «Жаса, қазақ жігіттері» атты қойылым көрсетті. Мерекелік шараға Азат Қасымовтың тума туыстары қатысып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Шара колледж студенттерінің флеш мобымен аяқталды. Мерекелік дастарханға ауыл тұрғындары, қонақтар, ұжым мүшелері қатысты.