Наурыз мейрамы қарсаңында аудандық кітапхана жəне аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бірлесе ұйымдастыруымен қазақ көркем əдебиетінде айшықты із қалдырған көрнекті қаламгер, жерлесіміз Мұқадес Есламғалиұлының өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатында "Тарих тамырынан нəр алған жазушы" тақырыптық кеш өтті. Шара барысында көпшілік назарына жазушыға арналған "Өтелген парыз" бейнефильмі ұсынылып, кітапханашылар жерлес ақындардың жазушыға арналған арнауларын оқыды. Қаламгердің "Зерлі тон" повесінен кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен үзінді қойылды. Қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынылып, кеш мерекелік дастархан басында жалғасын тапты.