Ағымдағы жылдың 30 наурыз күні аудандық «Нұр Отан» Партиясының мәжіліс залында Сырым ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, Сырым аудандық кәсіпкерлер бөлімі және БҚО Кәсіпкерлер палатасының Сырым ауданындағы филиалымен бірлескен Жымпиты ауылының кәсіпкерлерімен дөңгелек үстел өткізілді. 
Дөңгелек үстел барысында Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Арман Гумаров салық төлеушілер салық есебінің нысандарын толтыру тәртібі бойынша және салық мәселелеріне қатысты басқа да кеңестерді мамандардан алуға толық құқылы екендігі туралы түсіндіріп өтті. Сондай–ақ, дөңгелек үстелге қатысушылар салық заңнамасындағы биылғы өзгерістермен таныстырылуымен қатар, салық төлеушінің салық міндеттемесін, зейнетақы қорына және әлеуметтік қорға аударылатын міндетті төлемдерді мерзімінде орындауы қажеттігі, мерзімінде орындалмаған жағдайда мемлекеттік органның тарапынан қандай мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қоданылытаны туралы да сөз болды. 
Кездесу барысында іс-шараға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға кірістер басқармасы мамандары толықтай түсініктер беріп, алдағы уақытта бизнес өкілдерімен осындай басқосулар жиі ұйымдастырылатыны туралы айтты. 
Сырым аудандық кәсіпкерлер бөлімінің басшысы Аян Жоламанов Астана қаласында өтетін «ЭКСПО – 2017» көрмесіне баруға ниетті кәсіпкерлерге ұсыныс білдірді. 
Сондай – ақ, БҚО Кәсіпкерлер палатасының Сырым ауданындағы филиалының директоры Айдынғали Балғалиев кәсіпкерлерге «Алтын асық», «Құлан», «Сыбаға», «Береке» және де «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламарымен таныстырды.

«Жібек жолы» ШҚ жетекшісі Ғ.Нурмуханов шаруа қожалығында жұмысшыларымен келісім шарт негізінде жұмыс жасайтынын, басқа да қожалықтарға және кәсіпкерлерге жұмысшылармен келісім шарт негізінде жұмыс жасауға, салықтық берешектерін төлеуден жалтармауға шақырды. Жаңадан тағайындалған Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы А.Гумаров еңбектеріне табыс тіледі.