Елімізде дәстүрлі емес діни және жалған діни ағымдарды теріске шығару жұмыстары жүйелі жүзеге асуда. Дегенмен халықтың діни сауатылығын арттыру, теріс діни ағымдардың ықпалынан арашалау бағытында ақпараттық-көпшілік шараларды ұйымдастыруға көңіл бөлу күн тәртібінен түспеуі тиіс.
Бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында «Сырым» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен семинар өтті. Семинарға Сырым ауданы әкімінің орынбасары А.Сарқұлов, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Б.Қожагелдиев, ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты. 
Жиынды өткізудегі басты мақсат - экстремизм мен терроризмнің алдын алу және Қазақстан халқының дәстүрлі мәдени құндылықтарын қалыптастыру дейді ұйымдастырушылар. 
Алғашқы сөз алған «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Б.Қожагелдиев сөз басын мұсылман етіп жаратушы Аллаға мыңда бір шүкіршілік сөзімен иман, ислам деген қасиетті ұғымдарға түсінік беруден бастады. Аллаһтың ақ сөзімен қасиетті құран кәрімнің уағыздарын Мұхаммед пайғамбардың хадистеріндегі қарапайымда ақиқатқа толы рухани үгіттерін, дін ісін ширата айтып берді. Қоғам болып, жастар түсінігіне оңды ықпал, дұрыстық иман жолын көрсетуге атсалысу керектігіне мағыналы ой пікірін жеткізді. 
2 сағатқа созылған зор түсініктегі жүздесу сәтінде берілген сұрақтар көп болып жауап берілді. Түрлі ағымдық көзқарастағы әрекеттерден сақтана білуді мұндай жиындардың әрдайым болуын қалаған Сырымдықтар ауданымызға жиі келіп, семинарлар өтсе деген тілектерін айтты.
Жиын соңында семинарға қатысушыларға сертификаттар табысталды.