2017 жылдың 23-27 наурыз кундері аудандық «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы» МКҚК-ның оқушылары Атырау облысы əкімдігі мен Атырау облысының білім беру басқармасының қолдауымен өткен ІІІ Халықаралық «Жадыра, жас дарын!» фестиваль-конкурсына барып бақтарын сынады. Конкурстың мақсаты; балалардың шығармашылық қабілеттерін бағалау, көкірегінде өнерге деген оты бар жас дарындарды анықтау жəне халқымыздың төл өнерін насихаттау болып табылады. Осы байқауға қатысқан «Қадыртану» үйірмесінің оқушысы Есжанова Дильнура «Көркем сөз» номинациясы бойынша Бас жүлдені жеңіп алса, «Вокал» үйірмесінің оқушысы Закина Аруна 1 орын алды. Бұл оқушыларды өнер жолына тəрбиелеген жетекшілері Туржигитова Гулжан Куандыковна мен Рахметов Кайрат Канаткалиевичтің еңбектері зор.