Облыстық ассамблеяның төрағасы, облыс әкімінің ұсынысымен қайырымдылық іс-әрекеті бойынша үйлестіру кеңісі мүшелерінің үндеуімен өңірде жүріп жатқан «Мейірімді көктем» акциясы аясында, әлеуметтік жағынан қорғалмаған жандарға қолғабыс беру, қолдау мақсатында және 2 сәуір –Халықаралық балалар әдебиеті күніне орай «Кітап – ғажайып әлем» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Мерекелік шара Батыс Қазақстан облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының директоры Боранбаева Қаракөз Касымқызы, дыбысты кітаптар өңдеу бөлімінің басшысы Тулешова Гүлнар Рахметқызы, көзі нашар көретін зейнеткер оқырмандар, «Нұр шуағы» ҚБ тәрбиеленушілерімен, Қ.Мырза Әли атындағы орта мектептің 6 сынып оқушыларының қатысуымен өтті. 
 Шара барысында 2 сәуір – Халықаралық балалар әдебиеті күні туралы, кітаптың қадір қасиеті туралы әңгімеленіп, кітап туралы өлеңдер оқылды. Балалар жазушылары туралы, олардың еңбектері туралы айтылып, оқушылар оздері оқыған шығармаларын әңгімелеп берді. 
 Оқырмандарға аудио кітаптар таныстырылып, кітап туралы мультфильм көрсетілді. Кеш соңында балаларға сыйлықтар табысталды.