Бүгін Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектеп балабақша кешенінде "Мəңгілік ел" Патриоттық Актісін жүзеге асыру барысында патриоттық тәрбие берудегі туристік-өлкетану қызметінің ролі" тақырыбында бірыңғай педагогикалық кеңес өтуде. Жиынға Сырым ауданы əкімінің орынбасары А.Сарқұлов, облыстық туризм жəне экология орталығының əдіскері Т.Ғайниден, Сырым аудандық білім беру бөлімі басшысының м.у.а М.Қапиз, оқытушылар, ата-аналар қатысуда. Жиынды мектеп директоры Н.Құлмұқанова жүргізуде.
Аталмыш шара аудандағы білім беру ұйымдарының барлығында өтуде.