Бүгін Сырым аудандық ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Мейірімді көктем» мейірбандылық айлығы аясында оқушылар арасында қазақтың ұлттық ойындары асық ату, ләңгі тебу және тоғызқұмалақтан жарыс оздырылды. Жарысқа барлығы 5 команда, яғни, Алғабас ОМ, ЖББ Досмұхамедов мектебі, Бұлдырты ОМ, Абай ОМ, ЖББ Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептің командалары қатысты. 
Жарыс қорытындысы бойынша ләңгі тебуден 1 орынды ЖББ Қ.Мырзалиев атындағы орта мектеп оқушысы Рамазан Қонысов еншілесе, 2 орынды Бұлдырты орта мектебінің оқушысы Рысбек Қуанғали, 3 орынды Абай орта мектебінің оқушысы Қайсар Сағидуллиев иеленді.
Тоғызқұмалақтан 1 орынды Абай орта мектебінің оқушысы Ерасыл Нағымов, 2 орынды Бұлдырты орта мектебінің оқушысы Мирас Төлеш, 3 орынды ЖББ Қ.Мырзалиев атындағы орта мектеп оқушысы Алихан Балорақов иеленді.
Асық атудан 1 орынды Бұлдырты орта мектебінің оқушысы Әділжан Әленов, 2 орынды Алғабас орта мектебінің оқушысы Мырзабек Қанатов, 3 орынды Абай орта мектебінің оқушысы Әлішер Тажкенов иеленді. Барлық қатысушыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Алдағы уақытта бұндай шаралар жүйелі түрде ұйымдастырылатын болады.