Кешегі аптада Жымпиты ауылдық округінің орталығында округ әкімі Қайрат Төлеповтың төрағалық етуімен ауыл тұрғындарының жалпы жиналысы болып өтті. Сход жиыны былай айтқанда. Жиналыстың күн тәртібіне ілінген мәселелердің негізгісі – мал бағымын ұйымдастыру туралы. Бұл мәселе жыл өте өзекті болып келе жатыр. Тіпті елді шулатқан мал ұрлығының орын алуына да мал бағымына салғырт қараудың себеп болып жатқанын көзіміз көріп жүр. Мәселе өзекті болғасын болар жиналысқа аудан әкімі Абат Шыныбековтың өзі арнайы қатысты.
Жымпиты ауылы бойынша барлығы 1271 ауланың 467 – і мал ұстайды. Наурыз айының басында Жымпиты ауылдық округіне қарасты мал дәрігерлері аула аралап, мал санағын алып, мониторинг жүргізіпті. Жұмыс нәтижелеріне сүйенсек, Жымпиты ауылында 2490 ірі қара мен 7556 ұсақ мал бар. Осылардың 857 – сі ауыл ішінде болса, 1633 бас ірі қара мал жер қарайысымен қырға «аттандырылғалы» отыр. Ауыл бойынша 6 бағытқа мал шығады. 6 бағыттың 3 бағытына бақташы дайын отыр, ал қалған 3 бағыттың малына бақташы жоқ әлі. Округ әкімі Қайрат Төлепов өзінің хабарламасында осы мәселені айтты. Жалпы жиналыс өткенге дейін округ әкімдігі бақташылармен кездесіп, кеңескен. Бақташылар жағы әр бағытқа шығатын малдарды басына 1000 теңгеден, ал қырдағы малдарды басына 1200 теңгеден бағуға ұсыныс білдіріп отыр. Былтыр да осы баға болған. Дегенмен жиналыстың тәртібіне сай, жолдас әкім ауыл тұрғындарынан бақташылар белгілеген қаққа байланысты пікір айтуын сұрады....
Тұрғындардың нақты не пікір айтқаны және "100 теңгенің айқайында" нақты не айтылғаны қызықтырса "Сырым елі" газетінің осы аптадағы санын оқыңыз!