ЖББ беретін Қ.Мырзалиев атындағы орта мектепте «Мейірімді көктем» акциясы аясында аудандық «Жас туристер» станциясы МКҚК мекемесінің ұйымдастыруымен жас эколог үйірмесінің оқушыларының қатысуымен «Еліміз гүлдей жайнасын» атты акциясы ұйымдастырылды.
Шараны өткізудегі басты мақсат - балалар мен жасөспірімдерді экологиялық білімге белсенділігін арттыру, өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизмге тәрбиелей отырып, гүл – табиғаттың ең нәзік жаратылысы тазалық пен әсемдікке баулу болып табылады» - дейді ұйымдастырушылар. 
Шара барысында «Жас туристер станциясы» МКҚК директоры м.у.а С.Тоқмамбетов құттықтау сөз сөйлеп, мектеп директорының орынбасары Е.Дауловқа гүл ұсынды. Аталмыш шараға 50-ге жуық оқушы қатысып, 15 түрлі гүл егілді.