Кешегі аптада аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің маманы Айболат Нұрмұханов Сырым аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Түсіндіру жұмысының басты тақырыбы – облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру нысандарында сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.
Мемлекеттік қызметтің бұл түрі облыстардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары көрсетеді. Қызмет алушы қызметті жергілікті жеріндегі халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы ала алады.
Түсіндіру жұмыстары барысында аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің маманы Айболат Нұрмұханов әріптестеріне қызмет стандарттарының жалпы ережесі мен көрсету тәртібін түсіндірді.