Бүгін ЖББ Қ.Мырзалиев мектебінде ағымдағы жылы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтетін «ЭКСПО - 2017» халықаралық көрмесін тамашалауға аудан тұрғындарын кеңінен тарту мақсатында жиын өтті.
Аталмыш жиынға аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов, Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты басқармасының бас маманы Арайлым Бақытжанова, «Гермес тур» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілі Әйгерім Ізімғали, мекеме басшылары және қызметкерлері қатысты. 
Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты басқармасының бас маманы А.Бақытжанова халықаралық көрмені тамашалауда көрсетілетін қызметтер мен қойылатын талаптарды таныстырып өтті. Ал, «Гермес тур» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілі Ә.Ізімғали көрмені тамашалаушыларға көрсетілетін қызмет түрлерімен таныстырды. Жиын соңында қатысушылар өз сауалдарын жолдады.