Бүгінгі билік - ашық, жариялы бастысы қолжетімді. «Ашық әкімдік» шарасын осы сөзімізге анық дәлел дер едік.
Сырым ауданының орталығында өткен «Ашық әкімдік» шарасы аясында қабылдауға 8 тұрғын келді. Олардың мұңы мен мұқтажын, өтініші мен ұсынысын Сырым ауданының әкімі Абат Шыныбековтің өзі тыңдады. Мәселелер бойынша әріптестерімен кеңесіп, тиісті жауаптарды берді. Қабылдауға келген адамдардың саны азаңдау екені рас. Біз мұны жергілікті биліктің халықпен жасаған тығыз жұмысының белгісі деп білеміз. Арнаулы күндерде ғана емес, Сырым ауданының билігі әр тұрғын үшін аптаның әр күні қолжетімді.
Аудан басшысынан бөлек, сала басшылары да тұрғындар үшін ашық қабылдау жүргізді. Осы сияқты тұрғындардың Сырым ауданының прокурорының міндетін уақытша аткарушы Қанабіл Төремұратовтан кеңес алуға да мүмкіндігі болды. Қабылдау өтіп жатқанда "Тұрғынүйқұрылысжинақ" банкінің өкілдері тегін кеңес бұрышын ұйымдастырды.
Түстен кейін "Ашық әкімдік" іс - шарасы Өлеңті ауылында өтеді.