Сырым ауданында «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілерді аттестациялаудан өткізу басталды. Біздің аудан бойынша жаңағы корпусқа жататын 122 қызметкер бар. Олардың ішінде аттестациялауға жататын 99 мемлекеттік қызметшілерінің барлығы тестілеу кезеңінен өтті.
Тест нәтижесі көрсеткендей, 18% - «өте жоғары», 75% - «тиімді», ал 7% - «қанағаттанарлық» деген деңгейлерден көрінді. Әңгімелесу кезеңінен өткен 27 мемлекеттік қызметшінің 25 – сі өзінің атқаратын лауазымына сәйкес деп танылған. Cырым ауданы әкімдігінің берген ақпаратына сүйенсек, аттестациялау комиссиясының тарапынан «Б» корпусындағы 2 мемлекеттік қызметшінің лауазымын жоғарылату жөнінде ұсыныс беріліпті. 
Қалған 72 мемлекеттік қызметшімен әңгімелесу кезеңі сәуір айының 10 – 12 аралығына жоспарланыпты. Аттестациялау комиссиясы өзінің жұмысын бүгін аяқтайды.