Бүгін Орал қаласында Сырым ауданының ауылшаруашылық күні басталды.
Осы күні облыс орталығындағы тұрғындардың Сырым ауданының ауылшаруашылық жәрмеңкесіне келіп, сапалы ауылшаруашылық өнімдерін тиімді бағаға сатып алуларына мықты мүмкіндігі бар. Жәрмеңкенің басында жүрген Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Аян Жоламановтың айтуына қарағанда, қалалықтар қазірдің өзінде сырымдық шаруалардың саудасын қыздырып жатқан көрінеді. 
Жәрмеңке М. Ықсанов көшесінің (бұрынғы Батурин) бойында өтіп жатыр. Барамын десеңіз, үлгересіз. Барған адамдар Сырым ауданы көркемөнерпаздарының концертін де тамашалай алады.