Бүгін Сырым ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Төлеген Төреғалиевтің төрағалығымен 2015 – 2016 жылдары ауданда ірі қара мал шаруашылығында тұқымдық түрлендіру жөнінде құрылған өндірістік кооперативтерге қолданылып отырған заңдылықтарға 2017 жылы енгізілген өзгерістер туралы жиналыс өтті.
Жиналысқа қатысушылар әуелі БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының мал шаруашылығы бөлімінің басшысы Алмат Есполовтың хабарламасын тыңдады. Кейін аудан шаруалары сала басшыларының алдына күнделікті мәселелерін қойды.