Ағымдағы жылдың 7-9 сəуір күндері аудандық "Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы" МКҚК-ның "Аружан" би ансамблінің үлкен жəне орта топтарының 20 баласы Самара қаласында өткен Халықаралық" Край любимый сердцу снится" атты байқауға қатысып қайтты. Мақсаты: Балалар мен жөсөспірімдердің шығармашылығына қолдау көрсету жəне қатысушылар арқылы елдер арасында мəдени қарым- қатынас орнату. Конкурстың іріктеу кезеңінде үлкен топ "Дала сазы","Сылқым сұлу " жəне орта топ "Қамажай" биін билеп өнерлерін ортаға салды. Шараға 71 топ өнерлерін көрсетті. Əділ қазы алқасы шара біткен соң барлық би жетекшілерін шақырып орындаған шығармаларын талқыға салды. Осы талдауда əділ қазы төрағасы Ресей Федерациясының еңбек сіңірген əртісі А.В.Петров "Сіздерге білмеймін қалай болғанын, бірақта маған қатысушылардың ішінен ең əдемі билеген Қазақстаннан келген группа. Қыздар қандай сұлу, сахналық киімдері мен қойылған билері бір-бірімен үйлесімді сəйкестендірілген. Ең бастысы ұлттық мəдениетті сақтаған" - деген пікір білдірді.
Самара қаласының В.Я.Литвинова атындағы мəдениет үйінде 1500-ға жуық халық алдында Халықаралық "Край любимый сердцу снится" байқауының гала концертін Сырым ауданынан барған "Аружан "би ансамблінің үлкен тобы "Сылқым сұлу"биімен ашқанда көрермендер үлкен қошеметпен қабылдады. Байқау қорытындысы бойынша "Аружан" би ансамблінің орта тобы І дəрежелі дипломант атанса, үлкен тобы ІІ дəрежелі лауреат болып жүлделі орын алды.Бұл ансамбльдің жетекшісі Саргузиева Айнагуль Отарбаевна.
Самарадағы конкурсқа қатысушылардың көбінің сұрағы"Сіздер қандай қаражатпен келдіңіздер"деген. Себебі біздер ата-ананың қаражатынан қатысып отырмыз дегенде, балаларымыз ойланбастан " Біздерге осы байқауға келу үшін аудан əкімдігі, білім бөлімі жəне ата-аналар қаражат беріп қолдау көрсетті" деп мақтанды. Сонда барлығы "Қазақстанда қандай керемет қолдау бар "дегенде бойымызда бір мақтаныш сезім пайда болды.