Елбасы тапсырмасына сәйкес құрылған халыққа қызмет көрсету орталықтары еліміздің түкпір-түкпірінде қызмет көрсетуде. Солардың бірі Сырым аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы. Бүгін «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында баспасөз мәслихаты өтті. баспасөз мәслихатына аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйым жетекшілері, көше комитетінің өкілдері және БАҚ өкілдері қатысты. 
Кезекті баспасөз мәслихатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Сырым аудандық бөлімінің басшысы Әлия Жукина атқарып отырған қызметтері жөнінде баяндама жасады. 
Аталмыш жиында бөлім басшысы Әлия Жукинаға «Халыққа қызмет көрсету орталығының» халыққа көрсететін қызмет түрлерін жергілікті бақ беттеріне жариялауға ұсыныс берілді. Жиында сөз алған аудандық мәслихат депутаты А.Ниязғалиева көзі нашар көретіндерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалмағанын тілге тиек етті. 
Сөздің шыны керек, халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтардың уақытын үнемдеуді көздеп, қызметтерді жылдам әрі тиімді жалғастыру керек. Халыққа сапалы, һәм мәдениеттi қызмет көрсетіп, орталықтың бүгiнгi тыныс-тiршiлiгi мен бағыт-бағдарында көңiлге қонымды iстер жасалауы тиіс. Өйткенi, жол айқын, мiндеттер нақты. Сондықтан да заман тынысын сезген, уақыт көшiне iлескен ұжым халыққа сапалы қызмет көрсетуі тиіс.