Бүгін Сырым ауданында БҚО әкімінің орынбасары Бибігүл Қонысбаеваның қатысуымен үлкен жиналыс өтіп жатыр. Күн тәртібінде - төртінші деңгейдегі қаржыландыру мәселесі.
Қарапайым әрі түсінікті қылып айтқанда, бізге осы кезге дейін республикалық, облыстық және аудандық бюджеттің болатыны белгілі болып келді. Бұл - үш деңгейлі қаржыландыру жүйесінің құрылымдары. Енді төртінші деңгей арқылы тұрғын саны 2 000 - нан асатын ауылдық округтердің де дербес бюджеті болады. 
Жаңа қаржыландыру жүйесіне Сырым ауданы бойынша Жымпиты және Бұлдырты ауылдық округтері ілігіп отыр. Көршілес Қаратөбе ауданынан да осындай екі округ дербес бюджеттің игілігін көретін болады.
Жиналысқа облыстан келген түсіндіруші топтан бөлек, Сырым және Қаратөбе аудандарының мемлекеттік қызметтегі тиісті өкілдері қатысты.