Бүгін Сырым ауданының әкімі Абат Шыныбеков ауыл ақсақалы Қайыржан Нұрмұханов пен жары Сара әжейді қабылдады. Еңбек ардагері, Сырым ауданының құрметті азаматы Қайыржан Нұрмұханов таяу күндері мерейлі 80 жасқа толғалы отыр.
- Сіздің білім беру саласындағы үлгілі еңбек жолыңызды, Жымпиты өңірінің өркендеуі үшін жасаған қоғамдық – саяси қызметіңізді ел жақсы біледі. Сіз еңбекпен өстіңіз, еңбекпен биіктедіңіз. Бастысы еңбекқор ұрпақ тәрбиелей алдыңыз. Сол ұрпағыңыздың қызығын көріңіз! – деді аудан әкімі өзінің құттықтау лебізінде. Салтанатты қабылдауға қатысқан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әнуарбек Ғалымов, аудандық мәслихаттың хатшысы Шынар Дүйсенғалиева, аудандық орталық аурухананың басшысы Мұрат Дүсеев те жылы тілектерін білдірді. 
Биыл Қайыржан Нұрмұхановтың жары Сара әжеймен отасқанына 58 жыл толады. Аудан әкімі Абат Шыныбеков қос қарияға қазақы қалыппен құрмет көрсетті.