Қазақ күресінен спорт шебері Айбол Оразғалиев жаттықтыратын Сырым аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері Орал қаласында өткен «Спорт – нашақорлыққа қарсы күрес!» ұранымен 2006 – 2008 жылы туылған жасөспірімдердің арасында қазақ күресінен өткен қалалық турнирде өте сәтті өнер көрсетті.
Атап айтатын болсақ, Ернат Исанов, Әлихан Дәулет, Әлішер Ғабдолов сияқты жас балуандар өз салмақ дәрежелі бойынша турнирдің жеңімпазы атанды. Дәулет Серік, Санжар Жамбылов және Бекзат Қабеш те турнир жүлдегерлерінің қатарынан табылып, жақсы нәтижеге үлестерін қосты. 
Аттары аталған жас палуандар облыс орталығынан бөлек, еліміздің ірі қалаларында өтіп жатқан жарыстарға жолдама алып, барғанымен қоймай жақсы жағынан көрініп жүр.