Бүгін Сырым ауданының әкімі Абат Шыныбеков аудан орталығындағы Балалар саз мектебінің жұмысымен танысты.
Серік Сарғозиев басшылық ететін саз мектебінде 144 оқушы 7 аспап бойынша білім алады. Бұл мектептің оқушылары кейінгі кездері республикалық, тіпті халықаралық байқауларда биік нәтиже көрсетіп жүр. Мектептің материалдық базасына мін айту қиын. Ал мамандар жетіспеушілігі мәселесі жоқ емес. Саз мектебіне балаларды қобыз аспабына баулитын жақсы маман керек.
Аудан басшысы мектеп жұмысымен танысқаннан кейін жас өнерпаздардың концертін тамашалады.