1 мамыр елдің бірлігін одан сайын нықтап, сол арқылы қазақтың тірлігінің берекелі болуына жол ашады. Бүгінде ұлан ғайыр қазақ жері түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерін бауырына басып, ауызбіршілікте өмір сүріп келеді.
Бүгін Сырым ауданында 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай аудандық «Демалыс орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен «Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі» атты мерекелік шара оздырылды. 
Аталмыш шара ел тарихынан мәңгілік орын алған Сырым Датұлының 275 жылдығы, Алаш үкіметінің 100 жылдығы, Ж.Досмұхамедовтың 130 жылдығы аясында өтуде.Салтанатты шарада аудан әкімі Абат Шыныбеков аудан халқын мерекемен құттықтады. 1-мамыр Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесіне арналған концерттік бағдарлама мәнділігімен айрықша есте қалды. Сырым елінде тату-тәтті ғұмыр кешіп отырған әр ұлт пен ұлыстың өнерлі өкілдері ән-биден шашу шашты. Атап айтар болсақ, «Достық» клубының мүшелері А.Руденко украин ұлтының әні «Червоно рутоны» , Н.Саскенова татардың «Махаббат ашкышлары» әнін орындады. Ал А.Руденконың орындауындағы «Қазақ елі осындай» әні басқа әндерден өзгерек болды. Олай дейтін себебіміз, өзге ұлт өкілі болсада қазақ тілінде әнді еркін орындауы көпшілік көңілінен шықты. Мерекелік концертте Сырым аудандық «Демалыс орталығы» МКҚК вокал үйірмесінің оқушылары А.Елуғали «Сәлем, саған туған ел», А.Бақтығалиева мен Г.Ерболатовалар «Көкке өрле», демалыс орталығының жігіттерінен құрылған трио (Т.Шайхиев, Б.Қанатов, Н.Байнияз) «Родина – моя Казахстан», әнші Г.Упағалиева «Халқым-ай» әндерін және домбырашылар шеруін көпшілікке тарту етті. Ал, Үлгілі «Жауқазын» би ансамблі хорезм биін билесе, «Аружан», «Айналайын» би топтары Қадыр әндерінің жиынтығынан композиция орындады. 

Мерекелік шарада Халықтық «Ақ ниет» әжелер ансамблі «Шилі өзен» әнін К.Мұхамедовтың сүйемелдеуімін орындады. Ал қорытындысында өзге ұлт өкілдерінің халық әндерінен попури орындалды.