Бүгін Сырым ауданы әкімі Абат Шыныбеков «Күміс алқа» иегерлерін қабылдады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 24 наурыздағы №451 Жарлығына сәйкес алты бала туып, тәрбиелеп отырған Маралдым Сапиева мен Жансая Хасановаға «Күміс алқа» алқасын табыстады.
«Ұрпақ тәрбиесінде ананың ролі ерекше. Бүгінгі ұрпақ — ұлт ертеңі. Көп балалы ана атану — үлкен абырой, үлкен дәреже. Әрдайым мерейлеріңіз үстем бола берсін, — дей келе Абат Шыныбеков халық санын арттыра түсуде үлес қосқан көп балалы аналардың отбасына амандық тіледі.
Аудан орталығында 1999 жылдан бері 1112 алтын және күміс алқа иегерлері бар. Оның 551-і - «Алтын алқа» иегері болса, 634-і «Күміс алқа» таққан аналар.