1 - мамыр Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесін Сырым ауданы ұйымшылдықпен атап өтті. Таң сәріден орталық алаңда бас қосқан мекеме қызметкерлері әр ұлттың ұлттық тағамдарынан дастархан жайып, түрлі ұлт өкілдерінің киімдерін киіп, Сырым ауданында тату-тәтті ғұмыр кешіп отырған әр ұлт пен ұлыстың өнерлі өкілдері ән-биден шашу шашты.
Мерекеге орай аудан кәсіпкерлері қолжетімді бағамен жәрмеңкеге азық-түлік тағамдарын ұсынды.