ЖББ Қ.Мырзалиев мектебінде «І аймақтық Қадыр оқулары» ашылу салтанаты өтті.  Байқау Батыс өңірінің жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өтеді. Шараны өткізудегі басты мақсат – Қазақ поэзиясында сыршылдығы мен сыры мол, суреткерлігі мен ойшылдығы қат-қабат келіп жататын, өлең өлкесінде өшпес мұра қалдырған ұлы ақын Қадыр Мырза Әлінің өлеңдерін бүгінгі ұрпаққа насихаттау дейді ұйымдастырушылар. 
Салтанатты шара барысында аудан әкімі А.Шыныбеков және ақынның жары Салтанат апамыз, зиялы қауым өкілдері мен келген қонақтар құттықтау сөз сөйледі.