Бүгін Сырым ауданында дарабоз ақын, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әлі атындағы «І аймақтық Қадыр оқулары» алғашқы рет өткелі отыр. 
Аталмыш шараға Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облысының жыр жанашырлары, Қадыр ағамыздың жолдасы Салтанат анамыз, замандастары келді. 
Келген қонақтарды Сырым елі әдеттегідей Сырым шыққан төбеден қарсы алды. Меймандарды ЖББ В.И.Шубин атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Ғ.Ғабдолов Сырым шыққан төбенінің тарихымен таныстырды.
Байқауға 40-қа жуық қатысушы қатысады.