Дарабоз ақын, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әлі атындағы «І аймақтық Қадыр оқулары» «Сөздің бәрі құдіретті...» (Қ.Мырзалиевтың шығармаларын жатқа оқу), «Кейбір жырым дән ұшырып қырманда, Кейбір жырым бақташы боп жүр маңда» (Қ.Мырзалиевтың сөздеріне жазылған әндерді орындау), «Қуып шығар қызыл сөзді ой кейін...» (Қ.Мырзалиевке арналған өз шығармаларын оқу) сынды үш бағытта ЖББ Қ.Мырзалиев мектебінде өтуде.