Аудандық мәдениет үйінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және ҚР Қарулы Күштерінің 25 жылдығына орай салтанатты шара өтті. Салтанатты шарада аудан әкімі А.Шыныбеков құттықтау сөз сөйлеп, алғаш әскер қатарына алынушыларға жол сөмкелерін табыстады. Осыған қоса аудандық қорғаныс істері бөлімі басшысының орынбасары, майор Д.Мәулетов орта мектептердің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдеріне алғыс хат табыстады.
Салтанатты шарадан соң «Демалыс» орталығы қызметкерлері мерекеге орай дайындаған концерттік бағдарламаларын ұсынды.