7 мамыр қайсар мінезді ата-бабамыздың жауынгерлік дәстүрінің заңды жалғасын тауып, еліміздің қорғаныс қабілетінің кемелденгенін білдіретін мерейлі мерекесі аясында ауған саябағында мәдени шара ұйымдастырылды. Шара барысында аудан әкімінің орынбасары А.Сарқұлов, аудандық қорғаныс істері бөлімі басшысының орынбасары, майор Д.Мәулетов, ауған соғысының ардагері М.Айдархановтар құттықтау сөз сөйлеп, жиылған қауым ауған соғысының интернационалист жауынгерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.
Содан соң орталық алаңда ЖББ Қ.Мырзалиев орта мектебінің жоғары сынып оқушыларының саптық шеруін тамашалады.