Аудандық қорғаныс бөлімінде шебі бүтін, шекарасы берік қасиетті Қазақ жерін қорғайтын 7 мамыр отан қорғаушылар күні және Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне 25 жыл толуына орай салтанатты жиын ұйымдастырылды. Жиынға аудан әкімінің орынбасары А.Сарқұлов, қорғаныс бөлімі басшысы М.Сарсенғалиев, қорғаныс бөлімінің ардагерлері, қызметкерлері қатысты. 
Мерекеге орай аудан әкімінің орынбасары А.Сарқұлов құттықтау сөз сөйлеп, қорғаныс бөлімінің қызметкерлерін А.Елбаев, Е.Жасыбаев, Қ.Қонақбаев, А.Айтқалиев, А.Тулешовтарды аудан әкімі А.Шыныбековтың қолы қойылған алғыс хатымен және естелік сыйлықтармен марапаттады. Ал қорғаныс бөлімінің ардагерлері Ж.Сатаев, Т.Бақтығалиев, С.Сұлтанов, Г.Тулеушова, Х.Тұмағалиларды БҚО Сырым ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы М.Сарсенғалиевтың қол қойылған алғыс хаттармен марапатталды.