Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов бүгін Аралтөбе ауылдық округінің ауыз су жүйесін қайта жабдықтау жұмыстарымен танысты. Мердігер "Газстрой" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ендігі негізгі жұмыстарды бастады.
Бұл жұмыстар үшін жергілікті бюджеттен 275, 164 млн теңге қарастырылған. Серіктестіктің өндірістік директоры Александр Гасилиннің айтуынша, ауыз судың І нүктесі жөнделуде. Бұл нүктеде 6 су шұңқыры болады. ІІ нүктеде екі су жинақтайтын резервуар салыну жоспарға енген. Бұған қоса ауылішілік құбырлар тарту мен орталықтандыру жұмыстары басталды. Жұмыстардың атқарылу мерзімі 8 айды шамалайды. Бірақ мердігерлер, межені мерзімнен бұрын орындауға ниетті.
Өңір басшысы жалпы жұмыстарға, әсіресе ауылішілік жұмыстарға салбыр - салақ қарамауды қатаң тапсырды. Жұмыс тиянақты, таза әрі сапалы орындалуы тиіс.
Аралтөбе ауылы осыған дейін көшелердегі ауыз су нүктелерін пайдаланып келді. Ауыз су жүйесін қайта жабдықтау кезінде ауыз су таратудан үзіліс болмайды.