Бүгін Сырым ауданына жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов келді.
Өңір басшысы осы жаңа Алғабас ауылдық округінде болып, Сырым ауданының елді мекендерін газбен жабдықтау жоспары негізінде Тоғанас, Аңқаты, Қарағанды, Құспанкөл және Сасықкөл бағыттары бойынша жұмыстардың орындалу барысымен танысты. Жұмыс барысы туралы жаңағы елді мекендерге жоғары қысымды газ желісін жеткізуге жауапты мердігер "АлияСервис" серіктестігінің бас инженері Әнуарбек Марданов баяндады. Бас инженердің айтуынша жұмыстар 60% - ға орындалған. Жұмыс екі ауысыммен жүруде.
Тоғанас, Аңқаты, Қарағанды, Құспанкөл және Сасықкөл бағыттары бойынша газбен жабдықтау жұмыстары сәтімен аяқталса, Сырым ауданының газдандыру деңгейі 100 % - ға жететін болады.