Сырым ауданының орталығы Жымпитыда дыбыс жазу студиясы жұмысқа кірісті. Студия аудандық мәдениет үйінің екінші қабатында орналасқан.
Жаңа студияның жұмыс бөлмесі дыбыс жазу талаптарына сай бейімделген. Осы аптада студия жаңа техникалық аппараттарды іске қосты.
Дыбыс жазу және ән өңдеу жұмыстарымен жас әнші, дыбыс режиссері Нұртілеу Болат айналысады.