Кешегі аптаның жұмасы күні Сырым аудандық орталық ауруханасының ауласында халықаралық мейірбикелер күніне орай салтанатты жиын өтті. Әріптестерін кәсіби мерекемен орталық аурухананың бас дәрігері Мұрат Дүсеев құттықтады. Осы күні елге еңбегі сіңген мейірбикелер бас дәрігердің қолынан құттықтау хат пен естелік сыйлық алды.
Сырым аудандық орталық ауруханасының ұжымы, соның ішінде мейірбикелер қауымы – мерзімді баспасөз беттеріне жазылуды аса белсенділікпен орындайты ұжым. Мерекелік құттықтау сөзін сөйлеген «Жайық ПРЕСС» ЖШС Сырым аудандық филиалы, Сырым аудандық «Сырым елі» қоғамдық – саяси газетінің директор – редакторы Махмет Қажиахметов медицина қызметкерлерінің қоғамдық өмірге қосатын осы үлестерін атап өтті. бас редактор, ақын Махмет Қажиахметов мейіргерлер ұжымына құттықтау хат табыс етіп, әдемі өлең арнауды да ұмытқан жоқ. 
Сырым аудандық орталық ауруханасының бас медбикесі Күләш Айташеваның айтуынша, ауданда 160 орта буындағы медицина қызметкерлері бар. Олар өз міндеттеріне мүлтіксіз қарап, мамандықтарына адал еңбек етуде.