Кешегі аптада Сырым ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Отырыста қоғамдық кеңестің жаңа төрағасы сайланды.
Кеңеске осы кезге дейін төрағалық етіп келген аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әнуарбек Ғалымовтың орынына аудандық мәслихаттың депутаты, кеңес мүшесі Асхат Дүйсенғалиев сайланды. Төрағалыққа сайланған кандидатура туралы ұсынысты «Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Дарғожиев білдірді. Ұсыныс кеңес мүшелерінің қолдауына ие болды. 
Отырысты аудандық мәслихаттың хатшысы, төралқа мүшесі Шынар Дүйсенғалиева жүргізді.