23 мамыр күні Бұлдырты ауылдық мәдениет үйінде АТТ ұйымдастыруымен ауыл тұрғындарымен кездесу өтті. Семинарға Ақтөбе облысынан М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің профессор, дәрігер-педиатр Г.Құлниязова қатысып, «Иммундау – өмір үшін», «Иммундаудың маңыздылығы» тақырыбында лекция оқып, түсінік жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Л.Муканова «Вакцинациямен басқарылатын инфекциялар», аудандық педиатр А.Серікбаева «Бала денсаулығы үшін вакцинацияланудың маңыздылығы мен кездесетін проблемалар» тақырыптарында дәріс оқып, ата-аналармен жеке әңгіме өткізді.