Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен көшпелі отырысы бүгін Тоғанас ауылында өтті. 
ЖББ В.И.Шубин атындағы орта мектепте өткен аудандық мәслихаттың экономика және бюджет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссиясының басқосуына комиссия мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, мекеме басшылары және бақ өкілдері қатысты. 
Халық қалаулылары алдымен Алғабас-Тоғанас трассасында жүргізіліп жатырған орта қысымды газ желісін тарту және күрделі жөндеуден өтіп жатқан Шолақаңқаты су өзеніндегі су қоймасының жөндеу жұмыстарымен және ауылдық округтегі әлеуметтік нысандармен танысты.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының бірлескен отырысы ЖББ В.И.Шубин атындағы орта мектепте «Достық» залында өтті. күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Сырым ауданы бойынша шағын және орта бизнестің дамуы жөнінде аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы А.Жоламанов хабарлама жасады. Бөлім басшысының айтуы бойынша халыққа ұсынылатын тамақ өнімдері бағасы үнемі бақылауда және аудан кәсіпкерлерінің демеушілігімен аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетіліп тұрады дейді. Шолақаңқатыда шағын және орта бизнестің дамуы жөнінде ауылдық округ әкімі Т.Айтқалиевтың айтуынша аудандық кәсіпкерлік бөлімі, ауылшаруашылық бөлімі, кәсіпкерлік палатасының басшыларының қатысуымен ауыл тұрғындарымен кездесуле өткізіп тұрады дейді. осы жылдың өзінде «Береке» бағдарламасы аясында 2 ауыл тұрғынына 5,5 млн теңге бөлініп, 30 бас мал бордақылауға қойылған. Сонымен қатар мамыр айында 1 жеке кәсіпкер 4 млн көлемінде несие алып, жұмыстанып жатса, 1 жеке кәсіпкер несие алу құжаттарын жинақтауда дейді. 
Ал, Сырым аудандық білім беру бөлімінің басшысы З.Ерғазиева жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру әзірлігі жөнінде баяндады. Астана қаласында өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесіне Сырым ауданынан баратын 210 оқушының 100-іне жергілікті қаржыдан 5 млн теңге бөлінген. 60 дарынды оқушыжәне 15 мал бақташыларының балалары демеуші тарапынан қаржыланса, қалғаны ата-ана есебінен қамтылады деп жоспарланды дейді. Ал Бұлан ауылындағы «Достық» лагерінде 1 маусымнан бастап 7 күнде 10 кезеңге 60 оқушыдан 600 оқушы қамтылады деп жоспарлап отыр. Лагердің алғашқы 5 кезеңін «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы» МКҚК, ал қалған 5 кезеңін «Жас туристер станциясы» МКҚК ұйымдастырмақ.

Бас қосуда баяндамашыларға ұсыныс-пікірлер айтылды. Жиынды аудандық мәслихат хатшысы Ш.Дүйсенғалиева қорытындылады.