20 мамыр Қазақстан ауылында Ардагер ұстаз Рысбай Шайдоллаұлын еске алуға арналған шағын футболдан Х-шы аудандық турнирі өтті. Турнирге Алғабас округі, Сарой округі, Талдыбұлақ округі, Қарағанды ауылы, Қазақстан ауылы, Қ.Мырзалиев ат. ОМ, Қазақстан ОМ және Қайсар спорт клубы командалары қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша I орын - Қарағанды ауылы, II орынды - Алғабас округі, III орынды Қайсар спорт клубы командасы иеленді.