Бүгін аудандық жұмыспен қамту орталығы және аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйі фойесінде бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде 30 жұмыс беруші 67 жұмыс орны ұсынылды. Барлығы 73 адам қатысты. Нәтижесінде «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Аймақтарды дамыту» бағдарламаларының белсенді шаралары бойынша жұмысқа жолданғандар - 17, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға-14, жастар практикасына-2 адам жолдама алды. Бұның сыртында, ұсынылған жұмыс орындарына конкурстық негізде орналастырылуына байланысты жұмыс берушілерден кеңестер алды.